13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызПрезиденттің Жолдауында еліміздің жасанды интеллект дәуіріндегі рөліне ерекше назар аударылды. Елдің цифрлық болашағын айқындайтын негізгі бағыттар белгіленіп, олардың ішінде цифрлық кодекс қабылдау және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру ұсыныстары айтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мамандардың пікірінше, цифрлық кодекс жасанды интеллект, ірі деректер және басқа да негізгі технологиялардың дамуын жүйелі түрде реттейтін құқықтық негіз болады. Бұл құжат цифрлық трансформацияны жеделдетуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ашықтық пен жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
ЖИ-дің экономика мен қоғамның барлық саласына енгізу, өнеркәсіп, транспорт, медицина мен білім беру жүйесін қамтиды. Қазақстанды технологиялық жағынан жаңа деңгейге шығара алады. Бұл өнімділікті арттыруға, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға және цифрлық бағыттағы жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді.
Эксперттер атап өткендей, цифрлық реформалар азаматтардың өмір сапасын арттыруға және Қазақстанның жаһандық технологиялық кеңістіктегі орнын нығайтуға бағытталуы тиіс.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды