23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жер Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін беріледі. Бұл туралы Мәжіліс куларында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті.
Осы келісімге Нью-Йоркте былтыр 27 қыркүйекте қол қойылды. Құжаттың мақсаты — Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер телімін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік