30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМалайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерация мәліметінше, қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда камбэк жасап, Қытайлық Тайбэйді 2:1 есебімен жеңді.
Алғашқы тартысты бәсекеде Бексұлтан Бауыржанов Йенг Ценгке есе жіберді — 4:6, 6:4, 6:7 (4:7).
Екінші ойында Ахмади Мақанов Хуан Цайдан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді.
Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Мақанов Хақназар Жеткербаймен бірге Цай — Чанмен бәсекеде жеңісті жұлып алды — 6:3, 4:6, 10:6.
Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Қазақстан құрамасының капитаны Сағадат Аяп Азия — Тынық мұхит аймағында бәсекелестіктің жоғары болғанына қарамастан, жаңа табысқа қол жеткізгендерін атап өтті.
Бұл — Қазақстан теннисі үшін маңызды жеңіс. Ел намысы үшін аянбай күрескен шәкірттеріме ризамын. Енді алдағы әлем чемпионатына мықтап дайындаламыз, — деді Аяп.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды