23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖеңіл атлет Виктория Мельникова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына екінші күміс жүлдені сыйлады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спортшы 1500 метрге жүгіруден финалдық жарыста сәтті өнер көрсетті.
Мельникова қашықтықты 4:51.61 уақытта жүгіріп өтті.
Алтын медальді Өзбекстан өкілі Назима Рахимжонова (4:51.20) жеңіп алды, ал Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани (4:52.32) қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық Агата Красаева жетінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Рамазан Айнегов (триатлон) күміс, ал Глеб Клепинин (жеңіл атлетика) мен Әлиям Әзізова (пенчак силат) қола медаль жеңіп алған болатын.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады