Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.
Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.
Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.
Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар