Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыФинляндияның төрағалығымен БҰҰ-ның офисінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) бойынша шолу конференциясына Дайындық комитетінің отырысы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СІМ мәліметінше, отырыс барысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин 2024 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның Женевадағы офисінде өтетін келесі сессияның төрағасы болып сайланды. Осы қызметте еліміздің өкілі 2026 жылы ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ЯҚТШ жөніндегі шолу конференциясының негізгі комитеттерінің бірін де басқаратан болады.
Төрағаның міндеттеріне ЯҚТШ-ны іске асыру бойынша Шолу конференцияның шешімдеріне ұсыныcтар әзірлеу жөніндегі комитетінің жұмысын үйлестіру кіреді.
Анықтама: ЯҚТШ – ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды реттеу саласындағы негізгі халықаралық құқықтық құжаттардың бірі. БҰҰ-ға мүше 190 мемлекет Шартқа қосылды. Қазақстан ядролық қарусыз мемлекет ретінде 1994 жылдан бері ЯҚТШ қатысушысы болып келеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары