Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыВолейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы әлем кубогінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
9–18 қазан аралығында АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өткен волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль иеленді.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар АҚШ құрамасын 3:1 есебімен (25:23, 25:18, 15:25, 25:23) тізе бүктіріп, турнирдің үздік үштігіне енді. Кубоктың жеңімпазы – Мысыр командасы, ал күміс жүлдені Бразилия құрамасы жеңіп алды.
Топтық кезеңде Қазақстан ұлттық құрамасы Италия (3:0), Польша (3:0), Канада (3:0), Франция (3:0), Тайланд (3:0) және АҚШ (3:2) командаларын жеңіп, өз тобынан бірінші орынмен шықты. Жартылай финалда біздің спортшылар Мысыр құрамасынан 0:3 есебімен жеңіліп, қола медаль сарапқа салынған матчта АҚШ құрамасымен қайта кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
«Қазақстан құрамасы әлемдік аренада жаңа белестерді бағындыруда. Биыл команда алғаш рет Азия чемпионы атанды, енді міне, Әлем кубогінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл – тек спортшылар мен жаттықтырушылардың емес, бүкіл команданы қолдаған мемлекеттің, серіктестер мен жанкүйерлердің ортақ еңбегі. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетуіне қолдау көрсеткен Туризм және спорт министрлігіне, “Ситибанк Қазақстан” АҚ, “Самұрық-Қазына” АҚ және Sport Qory-на алғыс білдіремін. Осындай жан-жақты қолдаудың арқасында ұлттық құрама халықаралық деңгейде тұрақты көшбасшы ретінде танылып, жаңа биіктерге ұмтылуда », – деді ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов.
Айта кетсек, Әлем кубогіне 14 ерлер және 6 әйелдер құрама командалары қатысты. Бұл турнир – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне маңызды рейтингтік ұпай беретін жарыстардың бірі болып саналады.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді