18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясында Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа мүшелер қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.
ҰОК мәліметінше, бірқатар спорт ұйымдары басшылығындағы өзгерістер мен кадрлық ауыс-түйістерге байланысты Атқарушы комитетінің құрамын қайта қарап, жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл қадам комитеттің тиімділігі мен белсенділігін арттыру мақсатында жасалды.
Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы төмендегідей:
Вице-президенттер:
Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;
Шахмұрат Мұтәліп – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;
Данияр Әбілғазин – жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;
Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;
Гаджи Гаджиев – жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.
Спортшылар комиссиясының өкілі:
Ольга Рыпакова – Жеңіл атлетика федерациясының президенті.
Ұлттық федерациялар өкілдері:
Әлия Юсупова – Гимнастика федерациясының президенті;
Мәди Такиев – Волейбол федерациясының президенті;
Асхат Жіткеев – Дзюдо федерациясының бас хатшысы;
Нұрлан Жақыпов – Су спорты түрлері федерациясының президенті;
Ержан Біржанов – Триатлон федерациясының президенті;
Берік Асылов – Спорттық ату федерациясының президенті;
Құдірет Шамиев – Таэквондо (WTF) федерациясының президенті;
Қайрат Дүйсенов – Гольф федерациясының вице-президенті.
Сондай-ақ Бас ассамблея барысында Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының ҰОК құрамына мүшелікке қабылдануы мақұлданды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр