23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Футболдан Қазақстан құрамасы 20 наурызға ауған түні Грекия астанасы Афинаға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мен Грекия арасындағы кездесу УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі жартылай финал аясында 21 наурыз күні өтеді. Матч жеңімпазы финалға жолдама алып, Грузия – Люксембург жұбының қай жеңгенімен жолығады.
Грекиямен ойынға Магомед Адиев шәкірттері толық құрамда жиналды, өкінішке қарай, сары қағаз санына байланысты «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп алаңда құрамаға көмектесе алмайды. Соған қарамастан Әліп жігіттерге қолдау көрсету үшін Дубайда өткен оқу-жаттығу жиындарына, сонан соң Грекияға барды.
Ұлттық құрама 9-19 наурыз аралығында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жолдастық кездесуде Түрікменстанды 2:0 есебімен ұтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік