Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан 2028 немесе 2029 жылы өтетін УЕФА Конференция лигасының финалын қабылдауға ресми өтінім берді. Бұл туралы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы — УЕФА мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұйым 2028 және 2029 жылдары өтетін Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы және Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы финалдарын өткізуге ниет білдірген 15 елдің өтінімін растады.
Қазақстан атынан финалды өткізуге Астана (Астана Арена) және Алматы (Алматы Арена) қалалары ұсынылған.
Конференция лигасының финалын қабылдауға Қазақстаннан бөлек келесі елдер де үміткер атанды:
Франция (Лилль)
Венгрия (Будапешт)
Италия (Турин)
Польша (Гданьск)
Финляндия (Хельсинки)
Финал өтетін ел мен қала туралы түпкілікті шешімді УЕФА 2026 жылдың 10 маусымына дейін қабылдайды. Ал сол жылдың қыркүйегінде турнирлердің иелері ресми түрде жарияланбақ.
Бұл — Қазақстан үшін тарихтағы алғашқы мүмкіндік: егер өтінім мақұлданса, еліміз алғаш рет еурокубоктық финалды қабылдайды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек