6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезидентке "Қылмыстық атқару жүйесіндегі үздіксіз бейнебақылау" жобасы таныстырылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі мекемелері үздіксіз бейнебақылаумен жарақтандырылып жатыр. Бүгінде 52 мекемеде 22 042 бейнекамера орнатылды. Жыл соңына дейін 26 мекемеде 13 822 бейнекамера орнатылады.
Аталған жоба сотталғандар және қызметкерлер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі.
Жүйе іске қосылғалы бері тіркелген құқық бұзушылықтар саны 40%-ға артты, 3 түрмеден қашу әрекетіне және 13 өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне тосқауыл қойылды. Өкінішке қарай, сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерінің ізін жасыру үшін бейнебақылау камераларын істен шығарады. Олар жыл басынан бері 300-ден аса бейнекамераны сындырған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі