Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиылғы 2 қазанда Ашхабад қаласында премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Батыр Атдаевтың төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрікмен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті.
Кездесу барысында тараптар 2023 жылғы мамыр айында Астанада өткен комиссия отырысы шеңберінде қаралған мәселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаржы, білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына назар аударылды. Екі елдің мұнай-газ саласындағы жақындасу мүмкіндіктері мен өңіраралық ынтымақтастық мәселелері ерекше атап өтілді.
Ғалымжан Қойшыбаев Комиссия жұмысы, бірінші кезекте, алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге мұқият дайындық жүргізуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Тараптар қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары