23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ХІ саммиті қарсаңында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның «TURK TIME!» ұранымен өткен ТМҰ-дағы төрағалығының нәтижелерін қорытындылады, оның аясында 80-нен астам іс-шара өткізілді. Ол сондай-ақ Ұйымның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан және біріктіретін рөлін атап өтті.
ҚР сыртқы істер министрі ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестициялар, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктерін ерекше атап, ұйым шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.
Отырыс барысында ТМҰ саммитіне дайындық барысы талқыланды, сондай-ақ осы іс-шара шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобалары бекітілді.
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Ыстамбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан байқаушы мәртебесіне ие.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік