Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан ТМД-да туризмнің ресми статистикасына мобильді деректерді енгізген алғашқы ел болды. Бұл тың қадамды Ұлттық статистика бюросы Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бюро дерегінше, мобильді позициялау деректерін пайдалану туристік ағындарды бақылаудың мүлде жаңа деңгейіне жол ашты.
Бұл тәсіл азаматтардың нақты қозғалысын тіркеуге мүмкіндік береді: бұған дейін ресми статистикада қамтылмаған бір күндік сапарлар мен қонақүйде тоқтамайтын қысқа мерзімді сапарлар да енді есепке алынады. Осы арқылы туризм деректері анағұрлым нақты әрі жан-жақты бола түсіп, ел ішіндегі қозғалысқа қатысты шынайы көріністі қалыптастырады, - делінген мәліметте.
2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейінгі аралықта ұялы байланыс операторларының бірінің деректеріне негізделген жобаның алғашқы нәтижелері бірқатар маңызды қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Мәселен, ішкі туристік сапарлардың 60%-дан астамы бір күндік сапарлар екені анықталды.
Туристік белсенділіктің ең жоғары деңгейі жаз мезгілі және мерекелер кезінде – әсіресе Наурыз, Жаңа жыл мен Жеңіс күнінде байқалған. Үйден тыс жерде түнеу саны бойынша рекорд 2024 жылдың 21 наурызында, көктемгі демалыстың кезінде тіркелген. Астаналықтар қашықтықтағы айырмашылыққа қарамастан, көбінесе Ақмола облысы мен Алматыға барған. Жыл мезгілдеріне байланысты туристік белсенділіктің үш есеге дейін құбылуы туризмді дұрыс жоспарлауға жаңа мүмкіндіктер береді, - деп қосты бюро.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?