Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіТеннистен Қазақстан ұлттық құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандастарымыз ширек финалда Германия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Өткен жылы дәл осы құрама турнир чемпионы болған.
Бірінші ойында Елена Рыбакина Лаура Зигемундпен кездесіп, 6:3 және 6:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Осылайша Рыбакина жаңа маусымдағы үш ойынында да жеңіске жетті.
Ал Александр Шевченко Даниэль Мазурдан айласын асырып, 6:7(5), 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Турнир Аустралияның Перт қаласында өтіп жатыр. Жартылай финалдағы ойын Сиднейде өтеді.
United Cup турнирінің жүлде қоры 11 170 000 АҚШ долларын құрайды. Теннисшілер жекелей және командалық жеңісі мен қатысқаны үшін сыйақы алады.
Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?