1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕлордада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы заңдылықтардың орындалуы бойынша тергеу жұмысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тимур Каленов мәлімдеді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өз құзыреті аясында тауар нарығында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу бойынша қызметті жүзеге асырады. Біздің департаменттің алдында бірнеше міндет бар. Атап айтқанда, нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу. Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу және бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру, - деді Тимур Каленов Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның айтуынша, монополияға қарсы заңдардың бұзылуына жол бермеу үшін хабарламалар, ескертулер, ұйғарымдар жасалып, тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Жыл басынан бері 3 субъектіге қатысты тергеу шарасы жүріп жатыр. Олар Астана халықаралық әуежайы, «Дьюфри Централ Эйжа» ЖШС және «Қазақстан темір жолы» АҚ. Сонымен қатар биыл 5 субъектіге хабарлама жіберілді. Одан бөлек, 2023 жылдың 1 тоқсанында ТМД елдері бойынша белгіленген шекті бағаларды арттыру бойынша 3 субъектіге мемлекеттік сатып алуларда ұйғарым шығарылды, - дейді ол.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?