2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Qazaqstan» телеарнасы түсірген Дина Нұрпейісованың өмірі туралы «Дина. Күй құдірет» телехикаясы эфирге шығады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді.
Республика күні қарсаңында көрерменге жол тартатын тарихи туынды екі бөлімнен тұрады.
Телехикаяның сюжет желісіне күйшінің кішкентай кезінен домбыраға құштарлығы, дала сарынынан әуен іздеуі, күй атасы Құрманғазыдан тәлім алуы арқау болды. Сонымен қоса телехикаяда сол кезеңдегі әйел тағдырының қыр-сыры, қоғамдағы жауапкершілігі тереңінен бейнеленеді.
Сериал продюсері - Нұриддин Паттеев, режиссері - Батырхан Дәуренбеков. Сценарий авторлары - жазушы-драматург Сая Қасымбек және Батырхан Дәуренбеков.
«Qaqaqstan» телеарнасы тарихи туындыны 22 қазан 20:30-да екі бөлімін қатар жарнамасыз көрсетеді.
Айта кетейік, биыл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы тарихи бағытта 5 сериал түсірді. Олар Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Дина Нұрпейісова және Қорқыт тұлғасына арналған туындылар. «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясы эфирге 24-25 қазан күндері 21:00-де шығады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс