23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа тараптар 2022 жылдың 11 қарашасында Самарқандта қол қойған және белгісіз мерзімге жасалған.
Келісім аясында «оңайлатылған кеден дәлізі» және «сауда операторлары» жаңа ұғымдары енгізіледі. Басты мақсат – оңайлатылған кеден дәлізі бойынша тараптар арасында өтетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру.
Ақпарат алмасу сауда операторлары тасымалдайтын жүктер бойынша оңайлатылған кеден дәлізі арқылы және ерікті негізде жүзеге асырылатын болады. Оңайлатылған кеден дәлізі аясында сауда операторларына бірқатар жеңілдік беріледі. Олардың ішінде кедендік ресімдеудің басым тәртібі, өткізу пункттерінде кедендік жете тексеруді қолданбау және ресімдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін жекелеген қозғалыс жолақтарын қоса алғанда, мүмкін болатын оңайлатылған кедендік рәсімдеу бар.
Тараптардың кеден органдары Келісім күшіне енгеннен кейін ұзақтығы 6 ай болатын пилоттық жобаны ұйымдастырады және жүзеге асырады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік