6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБиыл тестілеу форматында өзгеріс болмайды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талапкерлердің ҰБТ-да тапсыратын пәндер саны – 5. Оның ішінде үшеуі міндетті, екеуі – бейіндік пәндер. Барлығы 120 тест сұрағы болады. ҰБТ-ның ең жоғары ұпайы – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт сақталады, - деді вице-министр.
Сондай-ақ Қуаныш Асылханұлы «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша тест тапсырмалары санына өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді.
«Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы, ал «Оқу сауаттылығында» 15 тест сұрағы болады. Сондай-ақ биылдан бастап «Информатика» ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясының тізіміне енгізілді. Осыған байланысты «Информатика» пәнінің мұғалімдері даярланып, балалар ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік секілді бағдарламалар топтарында математика-информатика комбинациясын тапсырады, - деді Қуаныш Ерғалиев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі