6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерін жасанды интеллект жобалары мен зерттеулер үшін қолжетімді қылды. Енді мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, стартаптар және жеке компаниялар суперкомпьютердің қуатын пайдалану үшін онлайн өтінім бере алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Alem.Cloud әлемдегі ең қуатты 500 суперкомпьютердің ішінде 86-орында тұр. Бұл Қазақстанның AI саласын дамытуға үлкен мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Қажет ресурстарды (GPU, CPU, RAM және т.б.) таңдап, жобаның мақсатын жазу жеткілікті. Өтінім ЭЦҚ арқылы расталады.
Суперкомпьютер тәулік бойы жұмыс істейді, деректер қорғалған. Бұл зерттеулер жүргізуге, AI-модельдер әзірлеуге және түрлі салаларда, медицина, ауыл шаруашылығы, геология, өнеркәсіп, қауіпсіздік және қаржыда жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі