Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан ауылдарында Starlink жаһандық спутник жүйесін орнатуға қанша ақы төленетінін алдағы уақытта хабарлайтынын айтты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған екі апта уақыт керек екен. Мемлекет аталмыш компаниямен корпоративтік келісімшарт жасасады. Қазір құжатта не туралы жазылатынын талқыланып жатыр.
Бұл мемлекеттің қаржысы. Сондықтан біз осы қызметтердің құны туралы барлық ақпаратты береміз. Бүгінгі келіссөздер бір нүкте үшін ай сайынғы төлемнің құны шамамен 200 доллар болатыны туралы жүріп жатыр, - деді Мусин.
Бұл тек қызметке төленетін ақы, құрылғылардың ақысы бөлек есептеледі.
Біздің әкімдіктер мен білім басқармалары спутниктік интернетті жеткізуге 1,5-3 миллион теңге жұмсайды, - деп атап өтті министр.
Спутниктік жүйе Алматы облысының мектептерінде пилоттық жоба ретінде қосылады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар