6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМажарстан астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл сында Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова Қазақстан қоржынына 4 алтын медаль салып отыр.
Бүгін жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.
Кеше көпсайыста Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда Ұлттық құрама гимнасты Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтаған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі