22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жалпы есебі 345 медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткішке олимпиадалық, паралимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша қол жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт
Пара және сурдо спортшылар осы кезеңде 68 медаль еншіледі. Оның ішінде 30 алтын, 19 күміс және 19 қола медаль бар.
Айрықша жетістіктің бірі — Ербол Хамитовтың пара биатлоннан әлем кубогының қорытындысы бойынша хрусталь глобус иеленуі. Бұл — Қазақстан тарихындағы алғашқы нәтиже.
Олимпиадалық спорт түрлері
Олимпиадалық спортшылар ел қоржынын 227 медальмен толықтырды. Оның 189-ы жазғы спорт түрлерінен (62 алтын, 66 күміс, 61 қола), 38-і қысқы спорт түрлерінен (8 алтын, 17 күміс, 13 қола).
Негізгі жетістіктер қатарында — бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назым Қызайбайдың үшінші мәрте әлем чемпионы атануы. Сонымен қатар Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, ел намысын Милан-2026 Олимпиадасында қорғауға жолдама әперді. Конькиші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта бейресми әлемдік рекорд орнатып, екі мәрте Әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Олимпиадалық емес спорт түрлері
Бұл бағытта Қазақстан құрамасы 50 медаль жеңіп алды: 31 алтын, 14 күміс және 5 қола.
Ұлттық спорт түрлері
Ұлттық спортта Қазақстан құрамасы әлем және Азия чемпионаттарында 47 медаль иеленді:
— 29 алтын
— 8 күміс
— 10 қола
Атап айтқанда:
– Қазақ күресі: 16 алтын, 2 күміс, 2 қола (20 медаль)
– Жамбы ату: 1 алтын, 2 күміс, 2 қола (5 медаль)
– Дәстүрлі садақ ату: 3 алтын, 3 күміс, 6 қола (12 медаль)
– Теңге ілу: 3 алтын, 1 күміс (4 медаль)
– Аударыспақ: 6 алтын медаль — барлық санатта жеңіс
Жалпы қорытынды (қаңтар–сәуір 2025):
– 345 медаль
– 120 алтын
– 116 күміс
– 109 қола
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев