23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еуро-2024-ке іріктеу аясында өтетін Қазақстан – Солтүстік Ирландия арасындағы кездесуге неміс төрешілері төрелік етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матчтың бас төрешісі – Даниэль Шлагер, оған Лассе Козловски мен Свен Вашицки көмектеседі. Төртінші төреші – Мартин Петерсен.
Қазақстан – Солтүстік Ирландия ойыны 10 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді.
Оқи отырыңыз:
Бүгін, 7 қыркүйекте, Магомед Адиев шәкірттері Финляндиямен өзара кім мықтыны анықтайды.
Қазір құрамамых 9 ұпаймен Н тобында финдерден кейін екінші орында келеді.
Еуро-2024-тің іріктеу циклін жерлестеріміз сәтсіз бастаған. Өз алаңымызда Словенияны ұтып тұрып ұтылып қалдық – 1:2. Есесіне келесі матчта азулы Данияны ұтып сенсация жасадық. Астанадағы кездесуде Магомед Адиев шәкірттері нағыз мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды. Ойынның 35-минутында қарсыластар сапынан Расмус Хёйлунн дубль авторы атанған болатын. Дегенмен 73-минутта пенальтиді тамаша орындаған Зайнутдинов есеп айырмасын қысқартса, көп ұзамай-ақ Асхат Тағыберген алыстан тұрып қақпаны дәл көздеді. Ал 89-минутта Абат Айымбетов баспен гол соғып, құрамаға жеңіс сыйлады. Бұл матч отандық футбол тарихындағы ең үздік ойынның бірі екені сөзсіз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік