Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчы: Ел құрамасы алда келеді

10 Қыркүйек 2023, 19:51 1058

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия кездесуінің бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге есеп 1:0. Ойынның 27-минутында Максим Самородов есеп ашқан болатын. Максим Самородов соққан голдың арқасында Қазақстан құрамасы алда келеді.

Бұл ойынды тамашалауға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барды.

Сондай-ақ ойыншыларымызды қолдауға мұхит асып Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келіп отыр.

Берік Арманов
Бөлісу: