Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту міндеттерін іске асыру шеңберінде премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Жетісу облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, сапар барысында министр «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» және «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақтарының, сондай-ақ «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті мен «Алтынкөл» халықаралық өткелінің қызметімен танысты. Аталған нысандардың Орта дәлізді кеңейту және «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыру аясындағы стратегиялық әлеуеті ерекше аталып өтті.
Жергілікті атқарушы органдармен, шетелдік және отандық инвесторлармен өткен кездесулер барысында қатысушылар Жетісу және Алматы облыстарының жоғары экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуетін атап өтті, - делінген мәліметте.
Осыған байланысты көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика, өңдеу өнеркәсібі және ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие басқа да салалардағы инвестициялық жобаларды дамытуға баса назар аударылды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек