Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПремьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Науман Башир Бхаттиді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылап, өткен жылы жоғары деңгейдегі байланыстардың оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауда-экономикалық және транзит-көліктік салаларында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы туралы мәлімдеді.
Ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және фармацевтика сияқты басым секторларға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға жәрдемдесетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның маңыздылығы аталып өтті, - делінген мәліметте.
Тараптар сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарады.
Өз тарапынан пәкістандық дипломат екіжақты байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосымен тығыз ынтымақтастыққа дайындығын растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру және өзара іс-қимыл бағыттарын кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?