20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Өзбекстан Республикасының елшісі Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады.
Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес министр елшіге жоғары мемлекеттік награда – II дәрежелі Достық орденін табыс етті. Сыртқы саяси ведомствосының басшысы дипломатиялық қызмет кезеңінде С. Ниязходжаевтың Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайтуға бағытталған үлкен жұмыс атқарғанын және үлес қосқанын атап өтті.
Өз кезегінде елші ҚР басшылығы тарапынан оның қызметіне жоғары баға бергені үшін мол ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында министр Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің 7-8 тамызда өткен Астанаға мемлекеттік сапарының маңыздылығын, сондай-ақ аса жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іс жүзінде іске асырудың қажеттілігін атап өтті.
Кездесу соңында Мұрат Нұртілеу Саидикрам Ниязходжаевқа кәсіби қызметінде жаңа табыстар тіледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?