Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс Азия Даму банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Заң жобасын қаржы министрі Мәди Тәкиев түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, Қазақстан Азия Даму банкінен – 52,3 млрд йен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен - 52,7 млрд йен, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд йен тартады. Жалпы сомасы 190 млрд йен. Теңгеге шаққанда ол – 600 млрд теңге.
Үкімет ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Азия Даму Банкінің қарызы Қазақстанға 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 15 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Такиев жапон банктерінің пайызы төмен екендігін, тиісінше Азия Даму банкінен алынған 160 млрд теңгені Қазақстан 168 млрд теңге етіп қайтаратынын айтты.
Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары