Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Отандастар қоры» КеАҚ пен Халықаралық көші-қон ұйымы Астана қаласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Меморандумға «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров және Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы миссиясының басшысы, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан бойынша үйлестіру функциялары бар кеңсенің басшысы Серхан Актопрак қол қойды.
Меморандум шетелде тұратын этникалық қазақтармен, бұрынғы отандастармен және Қазақстан азаматтарымен өзара іс-қимылды нығайтуға, көші-қон саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ диаспораны Қазақстанның ұзақ мерзімді даму мақсаттарына тиімді интеграциялауға бағытталған.
Құжат аясында тараптар шетелдегі отандастармен экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік байланыстарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуді, көші-қон заңнамасы бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетуді, оның ішінде тарихи-этникалық отанына қоныс аудару мәселелерін қамтуды көздейді.
Сонымен қатар, мәдени, білім беру және ғылыми іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, көші-қон деректерімен алмасу және бірлескен зерттеулер жүргізу, мигранттар мен диаспораға арналған ақпараттық науқандар мен консультациялық қызметтерді кеңейту, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды үйлестіру жоспарланып отыр.
Аталған меморандум тараптардың әлеуметтік тұтастықты нығайтуға, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және шетелде тұратын отандастарды Қазақстанның ұзақ мерзімді даму процесіне тартуға деген ортақ ұмтылысын көрсетеді.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс