Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСауда және интеграция министрі А. Шаққалиев пен ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулы Р. Рахимовтың қатысуымен қазақстандық компаниялар ынтымақтастық туралы үш меморандумға және жалпы сомасы 74 млн долларға 15 экспорттық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СИМ мәліметінше, отандық тауар өндірушілер қытайлық серіктестермен май өнімдерін, құрғақ сүтті, балды, сондай-ақ жемдік ұнды жеткізу туралы келісті.
Келісімдерге қол қою рәсімінде Арман Шаққалиев атап өткендей, Қазақстан сапалы экологиялық таза өнім жеткізуге кепілдік береді.
Қытайдың халықаралық импорт көрмесі (CIIE) Шанхай қаласында 2023 жылдың 5-10 қарашасы аралығында өтеді. Қазақстанның бизнес-стендінде «Мибеко» ЖШС, «Алматы өнімі» ЖШС, «Восток ЭкоЛайн» ЖШС, «Өскемен май зауыты», «DEP» ЖШС, «Евразия ИНВЕСТ ЛТД» ЖШС, «Лепсинск Өнімдері» ЖШС, «Тек Tau» ЖШС, «Көрік ШҚ» ЖШС, «Arnna Minerals» ЖШС, «Алель Агро» ЖШС, «Алтын Орда» ЖШС және басқалардың өнімдері ұсынылған, - делінген мәліметте.
Қазақстандық кәсіпорындардың импорттық ЭКСПО-ға жыл сайын қатысуын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы және Қазақстандағы ҚХР елшілігі қамтамасыз етеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?