Қазақстан сапында бесінші боксшының әлем чемпионатындағы жорығы аяқталды

8 Мамыр 2023, 23:24 1779

Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қазақстан боксшысы Сағындық Тоғамбай турнир қожайыны Шохжахон Абдуллаевпен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Тоғамбай ­- жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы. Ересектер арасында әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ал 2022 жылы ұлттық құрама сапында Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында Шодиер Меликузиевті ұтса, Махмұд Сабырхан венгр боксшысы Иштван Сакодан басым түсті. 

Берік Арманов
Бөлісу: