30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты17 қараша күні «Астана Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамасы арасында матч өтеді. Елорда әкімдігінің мәліметінше, ссыған орай арнайы шаттл-автобустары қатынайды.
Матчтың басталуы – сағат 21:00-де. Осы күні «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.
Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.
Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№ 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.
Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз.
Жолақысы – 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды