Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.
Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?