7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Қазақстан қыз алып қашу мәселесінде Эфиопиямен қатар тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың сөзінше, қыз алып қашу үрдісі 90-жылдары – Қазақстандағы экономикалық жағдай қиын кезде пайда болды. Оны көбі қазақтың дәстүрі деп шатастырды.
Біздің қазақ – құда түсіп, жөн-жоралғысын әдемі орындайтын халық. Бірақ осы экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты 90-жылдары ондай фактілер болды. Қателесетін шығармын, менің білуімше, қазір қызды алып қашу жоқтың қасы. Себебі дамыған өркениетті елміз. Батыс мемлекеттеріне теңесеміз дейміз. Бірақ Уикипедияға қараңызшы, Уикипедияда қызды ұрлау мәселесінде Қазақстан Эфиопиямен бірдей тұр. Эфиопия қайда, Қазақстан қайда? Соған байланысты менің сұрағым: қыздарымызды алып қашу мәселесінің статистикасы қандай? Егер шын мәнінде ол жоққа жақын болса, онда Уикипедияға ресми түрде хат жазып, Қазақстанды ол мемлекет қатарынан алып тастауға ұсыныс жасайсыздар ма? - деді Мәжіліс депутаты.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?