Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚытай Халық Республикасында көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады.
Сонымен қатар қазақстандық делегация Алашанькоу станциясының бонд аймағындағы дәнді дақылдар мен өсімдік майларын тасымалдау бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында тараптар тасымалдау технологиясы және қазақстандық агроөнімді қабылдауды ұлғайту туралы келісті, - делінген хабарламада.
Бүгінде Қазақстанның Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың қатарында арпа мен бидай бар. Екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы пандемиядан кейін Қытайға тасымалдауды қайта бастауға мүмкіндік туды. Бұл дәнді дақылдар экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы шамамен 347 мың тонна, 2022 жылы 747 мың тонна, ал 2023 жылы 2 227 мың тонна экспортталды - деп атап өтті Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары