6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБейжіңде консулдық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Акатаевтың басшылығымен қазақстандық делегация консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Қытай консультацияларының 21-ші раундына қатысты.
Келіссөздер барысында консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең сұрақтары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, тараптар екі елдің азаматтары үшін өзара қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады, сондай-ақ визалық режимді жеңілдету бойынша пікір алмасты.
Бейжіңдегі консультациялардың қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық дипломаттар екі ел азаматтарының игілігі үшін консулдық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге уағдаласты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі