Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды. Іс-шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени, стратегиялық, серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фотокөрмеге үш ел табиғатының сұлулығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақ, ұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы, жетекші басылымдарының бірі «Фото және видеотүсірілім» журналы, Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы және «Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ ұйымдастырды.
Фотокөрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?