Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыОрталық Азия – Қытай (С5+1) азаматтық авиациядағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдары арасында келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Келіссөздер барысында елдер арасындағы жолаушылар және жүк тасымалы әуе рейстерін орындалуы, белгіленген пункттер санын арттыру және тұрақты рейстерді пайдалануға қатысты басқа да мәселелер талқыланды.
Келіссөздер нәтижесінде бағыт желісін кеңейту және екіжақты әуе қатынасын дамыту туралы келісімдерді қамтамасыз ететін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Екі жақ қазақстандық тасымалдаушылар үшін жаңа бағыт – Құлжа қаласын қосуға келісті. Келіссөздер барысында тараптар Қашғар қаласына ұшуды ұйымдастыру мәселесін де талқылады.
Айта кету керек, екі ел арасындағы ынтымақтастық кеңейіп келеді. Осылайша, 2025 жылдан бастап елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы саны аптасына 124-ке дейін ұлғайтылды. Бұл ретте екі елдің тағайындалған әуе компанияларына «әуе еркіндігінің» бесінші деңгейін пайдалана отырып ұшуға рұқсат берілген.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар