Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан күміс жүлдеге ие болды. Финалда ұлттық құрама жарыс қожайыны Қырғызстанға 2:7 есебімен жол берді.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шешуші кездесу екі таймға созылды. Тартысты бәсекеде алаң иелері жеті ұпай жинаса, қазақстандық шабандоздар екі рет нәтижелі шабуыл ұйымдастырды.
Осылайша, Қырғызстан құрамасы алтын медаль иеленіп, Қазақстан күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасы турнирдің топтық кезеңінде Ресейден 14:1 есебімен басым түсіп, Венгрияны 9:4 есебімен жеңген еді. Қырғызстан өз кезегінде Моңғолияны 12:1, Өзбекстанды 12:4 есебімен ұтып, финалға шықты.
Қазақстан бұл жолы көкпардан чемпиондық атағын қорғай алмады.
Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көк бөрі жарысының финалында да кездескен болатын. Бұл бәсекеде алаң иелері айқын басымдық танытып, Қазақстанды 12:0 есебімен жеңді.
Қазақстан топтық кезеңде Тәжікстанды 16:3 есебімен ұтты. Венгриямен кездесу өткізілмей, қарсыласқа 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Соның нәтижесінде Қазақстан өз тобында бірінші орын алып, финалға жолдама алған еді.
Шешуші кездесуде Қырғызстан алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін қолға алды. Қазақстан құрамасы қарсылас тайқазанына бірде-бір салым жасай алмады.
Нәтижесінде Қырғызстан алтын, Қазақстан күміс жүлдеге ие болды. Қола медаль үшін өткен кездесуде Ресей Тәжікстанды 3:0 есебімен жеңді.
Қазақстан көк бөріден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қатарынан үшінші рет күміс медальмен аяқтап отыр. 2022 жылы қазақстандықтар финалда Қырғызстанға 0:5 есебімен, ал 2024 жылы Астанада өткен ойындарда 4:10 есебімен есе жіберген.
Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екі басты ат спорты финалы да алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қырғызстан көк бөріде 12:0, ал көкпарда 7:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы екі сайыста да күміс жүлдегер атанды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бішкекте 31 тамызда басталды. Жарыс 6 қыркүйекте мәресіне жетеді. Биылғы додаға әлемнің 113 елінен шамамен 3000 спортшы қатысып, 43 дисциплина бойынша жүлделерді сарапқа салды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары