Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық ведомстволарының басшылары Қамбарата ГЭС-1-ді бірлесіп салу жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
6 қаңтарда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов «Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды.
Жол картасы шеңберінде тараптар жобаны іске асырудың негізгі шарттарын уағдаласты және электр станциясын уақтылы пайдалануға беру үшін алдағы қадамдарды белгіледі.
Қазақстанның жобаға қатысуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырда Қырғызстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде жүзеге асады.
Бұл Орталық Азия елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге және өңірдің сумен қамтамасыз етілуін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік