Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліОточец қаласында (Словения) үстел теннисінен WTT Feeder Otocec халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа танымал спортшылар қатысуда, олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Симон Гози (Франция), бес Олимпиада ойындарының қатысушысы, Еуропа чемпионы Андрей Гачина (Хорватия), Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Айзек Квек (Сингапур), Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сато Хитоми (Жапония) және басқа да атақты спортшылар бар.
Қазақстан атынан Словениядағы турнирге Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Айдос Кенжіғұлов және Сарвиноз Миркадирова қатысып жатыр.
Жарыс 29 наурызға дейін жалғасады.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс