23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Теннистен Қазақстан құрамасы Сиднейде United Cup турнирінің жартылай финалында Польшамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кортқа бірінші болып дүниежүзілік рейтингіде 78-орында тұрған Александр Шевченко мен әлемнің 16-ракеткасы Хуберт Хуркач шықты.
Поляк теннисшісі бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Бұдан кейін рейтингіде 6-сатыдағы Елена Рыбакина мен әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекке кезек келді.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матчта Швентек басымдылық танытты — 7:6 (7:5), 6:4.
Осылайша, 2:0 есебімен алға шыққан Польша екінші рет қатарынан финалға жолдама алды.
Олар өткен жылы финалда Германияға есе жіберген еді.
Биыл Германияны ұтқан Қазақстан алғаш рет жартылай финалға шыққан еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік