23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Таеквондодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан Bulgaria Open халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, алтын жүлдені Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін) иеленді. Финалда ол Греция спортшысы Хараламбос Флускоунистан басым түсті.
Ал күміс жүлдеге Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Әзірет Дүйсенбек (54 келіге дейін), Бектөре Оралханов (58 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін), Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін).
Қола жүлдегерлер: Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Артур Серік (54 келіге дейін), Нұрай Қазынабек (57 келіге дейін), Камила Аймұқашева (62 келіге дейін), Аманбол Бегімбетов (63 келіге дейін), Дамир Шүленов (68 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін).
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік