Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан құрамасы садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әйелдер құрамасы командалық сында блоктық садақ атудан үшінші орын иеленді.
Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын 232:229 есебімен жеңді. Ел намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады.
Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет әлем чемпионатында медаль жеңіп алды. Бұған дейін, 1993 жылы классикалық садақ атудан Яна Туниянц үшінші орынға ие болған еді.
Сонымен қатар біздің құрама жабық кешендегі әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары