Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Бейжіңде (Қытай) өткен Азия чемпионатында топ жарып, қатарынан екінші мәрте чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Финалдық ойында Талғат Жайлауов жаттықтыратын қазақстандықтар Жапония құрамасын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Матч барысында Кирилл Ляпунов есепті ашып, Роман Старченко дубль жасап, Александр Борисевич те мергендігімен көзге түсті. Жапония сапынан Мадока Судзуки, Ю Сато және Масато Окубо жауап ретін шайбаларын соққанымен, таразы басын теңестіре алмады.
Бұл турнирде Қазақстан құрамасы бұған дейін де сенімді өнер көрсетіп, Оңтүстік Кореяны 4:2, ал Қытайды 5:1 есебімен жеңіп шықты. Айта кетейік, дәл осы құрлықтық додада Қазақстан өткен жылы да жеңіске жетіп, турнирдің Алматыда өткен нұсқасында чемпион атанған еді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек