Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек19-21 наурыз күндері Ливан астанасы Бейрутта үстел теннисінен WTТ Feeder Beirut 2024 халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған сынға 20-дан астам елден 118 спортшы (69 ер, 49 әйел) қатысады.
Қазақстан атынан Айдос Кенжеғұлов, Сарвиноз Мирқадірова, Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева, Санжар Жұбанов, Анель Бақыт, Ескендір Харки, Ангелина Романовская, Ырысбек Артықметов, Арай Ашкеева өнер көрсетеді.
Біздің мүмкін қарсыластарымыздың қатарында жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 10 дүркін жүлдегері Чуан Чи-Юань (Тайбэй), әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы Ан Джэ Хён (Корея), Азия чемпионатының командалық есептегі қола жүлдегерлері Хармит Десай (Үндістан), Манав Таккар (Үндістан) және Сатиян Гнанасекарян (Үндістан), Олимпиада ойындарының командадағы қола жүлдегері, алты дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Ду Хойкем (Гонконг), командадағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Чжу Чэнчжу (Гонконг), әлем, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Со Хё Вон (Корея) бар.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?