28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері бұл жолы турнир кестесінде бірде-бір ұпай жинамаған Словениямен жолықты. Екі құрама бұған дейін он бір мәрте кездескен. Сегіз ойында Қазақстан, үшеуінде Словения жеңіске жетті.
Қарсылас команда бір тур бұрын бірінші дивизионға түсіп қалатыны анықталған.
Отандастарымыз осыған дейін алты ойынның екеуінде буллитен жеңген. Атап айтқанда Норвегия мен Словакиядан 4:3 есебімен басым түскен болатын.
Осы маттчта словениялықтар ширақ қимылдап, есепті бірінші минутта ашып үлгерді. Көзге түскен – Анже Куральт есімді ойыншы. Дегенмен, үзіліске дейін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Никита Михайлис таразы басын теңестіріп үлгерді.
Екінші 20-минуттықта Анже Куральт тағы да Словенияны алға шығарды. Сосын 39-минутта қазақ хоккейшісі Батырлан Мұратов есепті 2:2-ге жеткізді.
Ал шешуші кезеңде қарсылас сапынан Ян Дрозг мергендік танытса, Қазақстан құрамасы оған екшайбамен жауап берді. Гол авторлары – Евений Рымарев пен Максим Мухаметов.
Осылайша Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.
Қазақстан 7 ұпаймен В тобында алтыншы орында тұр. Бұл кездесуде шабуылшы Евгений Рымарев үздік ойыншы атанды. Словения сапынан дубль жасаған Анже Куральт үздік деп танылды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?