23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жетінші бітімгерлік контингенті "БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері" миссиясына қатысуды аяқтады.
Алты ай ішінде қазақстандық әскери қызметшілер жаяу және мобильді патрульдеуді орындады, одан басқа тосқауыл бекеттерінің жұмысын ұйымдастыруға, базаларды күзетуге және операцияларды жүргізуге қатысы жоқ жеке құрамның күнделікті жауынгерлік даярлығына қатысты.
– Алты ай жылдам өте шықты. Бітімгерлік дайындық орталығында тиянақты алынған білім жаңа жағдайға оңай бейімделуге және алға қойылған міндеттерді лайықты шешуге көмектесті. Әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайы да жоғары деңгейде. Олар қызмет орнында міндеттерді орындауға дайын, – деді Алматыға келген соң топ командирі капитан Марат Әбдіраманов.
Оның орнына сегізінші бітімгерлік контингент, яғни "Шығыс" секторындағы Үнді бітімгерлік батальоны құрамында міндеттерді орындайтын қазақстандық әскери қызметшілер аттанды.
Қазақстан контингентін Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің бітімгерлік контингенті құрамында БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына бірлесіп орналастыру 2018 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік