23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бас прокуратураның делегациясы Түркияда өткен халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2-4 мамыр аралығында Қазақстан Бас прокуратурасының өкілдері Түркиядағы Стамбул қаласында өткен «Цифрландыру дәуіріндегі тиімді тергеулер» тақырыбындағы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 1-жалпыеуропалық өңірлік конференцияға қатысты.
Конференцияда 32 елден келген прокурорлар цифрландырудың тергеулерге әсерін талқылады. Сондай-ақ әріптестер алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен алмасты. Бұдан бөлек Қазақстан мен Түркияның қылмыстық қудалау желісі бойынша екіжақты келісім аясында Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж.Өмірәлиев Түркияның Бас Прокуроры Б. Шахинмен кездесті, - делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжылдық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, оны одан әрі нығайту туралы келісті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік